Қытайлық ірі компания Қазақстанда картоп фри шығаратын зауыт салмақ

2 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://yandex.kz/Қытайдың ірі картоп өндірушілерінің бірі Қазақстанда құны 100–200 млн доллар болатын өңдеу кешенін салуға дайындалып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа кәсіпорын жылына 100–200 мың тонна картоп өңдеп, соның ішінде картоп фри өндіруге бағытталмақ.

Астана халықаралық қаржы орталығында SnowValley Food Kazakhstan Group Holdings Ltd компаниясы тіркелген.

Оның акционері — қытайлық Snow Valley тобының өндірістік бөлімшесі Xuechuan Liupanshan Food.

Компания бұған дейін Павлодар облысының әкімдігімен картопты терең өңдеу кешенін салу жөнінде келісімге келген. 

Жобаның өндірістік қуаты жылына 100–200 мың тонна шикізат болады деп жоспарланған.

Кәсіпорынның негізгі өнімдерінің бірі мұздатылған картоп фри болуы мүмкін.

Инвестиция көлемі 100–200 млн доллар шамасында бағаланып отыр.

Snow Valley Agricultural Group 2007 жылы Қытайда құрылған және картоп өндірісі мен өңдеуге маманданған. Топтың өндірістік кәсіпорындары жылына 800 мың тоннаға дейін шикізат өңдей алады. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.