2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгеріс

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИМемлекет басшысы 2026 жылғы 11 маусымда "Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта мыналар көзделген:

бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты өзгерістер енгізу;

кодекстің бүкіл мәтіні бойынша "шетелдік" терминін "шетел азаматы" терминімен ауыстыру;

ұлттық валютаның атауын "теңге" түрінде жазу;

құқықтық терминологияны жетілдіруге бағытталған редакциялық түзетулер енгізу. Атап айтқанда, 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілер" деген сөздер "заңдар" деген сөзбен ауыстырылады;

референдумдарға қатысты тұжырымдарды нақтылау ("республикалық референдум" орнына енді "жалпыхалықтық референдум" деп көрсетіледі);

Астана қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, аумақтардың атауларын көрсету тәртібін белгілеу. Жаңа жазылу тәртібі: "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала".

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңның 40-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Салық кодексінен Конституциялық сотқа жүгінгені үшін алынатын мемлекеттік баж да алып тасталады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.