Құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеген 44 шетелдік анықталды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқмола облысында «Заңсыз келуші-2026» рейді кезінде заңсыз жұмыс істеген 44 шетелдік анықталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Целиноград ауданының Софиевка ауылында жүргізілген рейд барысында көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды. Жалпы үш күнде полицейлер 101 заң бұзушылықты тіркеді. 

Іс-шара барысында 56 шетелдік, оларға баспана берген 34 адам және 11 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 18 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Тағы алты адамның елде болу мерзімі қысқартылды. 

Сонымен қатар полиция соттың елден шығару туралы шешімін орындамаған шетелдік азаматты анықтады. Қазір оған қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. 

Полицейлер рейд жұмыстарын жалғастыруда. Олар шетел азаматтарын, жұмыс берушілерді және шетелдіктерге баспана беретін азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.