ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

1 663

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін «AMANAT» партиясының аудандық филиалында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасының Қазалы ауданына қатысты іс-шаралардың ағымдағы жылдың 10 айында іске асырылу барысы мен орындалуы және орындалмау қаупі бар шаралар барысы қаралып, аудан әкімінің хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде аудан басшысы бағдарламадағы ағымдағы жылға жоспарланған 77 іс-шараның есепті кезеңде басым бөлігі орындалғанын айтып, аудан да атқарылған оң нәтижелі жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Үкіметпен бірлесе жүргізіп жатқан ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының ауданда жүзеге асырылу барысына да тоқталды.

Жиында аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Әділбек Сарабеков сөз сөйлеп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында ауқымды жұмыстар іске асырылып жатқанын айтып, алда жоспарланған маңызды жұмыстарға сәттілік тіледі.

Отырыс қорытындысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы Жол карта іс шараларын сапалы әрі тиімді іске асыру партияның әрдайым күн тәртібіндегі мәселесі екенін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асатындығын жеткізді.