Жаңақорғанда білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды

1 762

Фото: uralskweek.kzҚызылорда облысы Жаңақорған ауданы білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2024 жылғы 4 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының (7 сәуірден бастап) Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимовке, бас бухгалтер Қ. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкімі күшіне енді. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Данияр Бигайдаров.


Үкімге сәйкес сотталғандар өмір бойы мемлекеттік және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылады.


«Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кететін жайт, бухгалтерлердің біріне бала күтіміне байланысты жазасын өтеу 5 жыл кейінге қалдырылды», - дейді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.