ЦОН арқылы жалған құжат дайындаумен айналысқандар қолға түсті

1 518

Фото:© BAQ.kz архиві/Артем ЧурсиновАқтөбеде ХҚҚО ғимаратында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде заңсыз делдалдықпен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өз қызметін ұйымдастырған. Тергеу барысында олардың алдын ала жалға алынған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу кезінде жалған құжаттарды пайдаланып, ақылы негізде қызмет көрсеткені анықталған. Аталған заңсыз схема арқылы шетелдіктерге құжат рәсімдеу жұмыстары жүргізілген.

"Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.