Қызылорданың қоғамдық көліктері жаңа автобустармен толықты

329
“Қызылорда автобус паркі” жаңа 24 автобуспен толығып, №12, №15 бағыт жолаушыларына берілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Өткен жылы “Қызылорда” автобус паркіне” «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға тиісті қаражаттар бөлінген болатын. Соның аясында, өткен жылы 100 жаңа автобус маршруттық бағыттарда жұмыс жасап келеді. Қалған 50 автобустын алдыңғы легі 24-і қалаға жеткізілді.

13 ақпаннан бастап №12, №15 бағыт жолаушыларға үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар қызмет жасайтын болады. Әр бағытта 12 автобус жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. 

Қазіргі таңда жаңа автобустарға мемлекеттік нөмерлер тағылып, сонғы тексерулер мен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік аталмыш бағыттар жолсызбаларына өзгерістер еңгізілмейді.

Осы айдың аяғында қалған 26 автобус келуі жоспарлануда. Олар өз кезегінде №16, №31 бағыттар бойынша қызмет жасайтын болады.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.