Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен қорқытып ломбардты тонап кеткен

431
Нұр-Сұлтанда ломбардты ойыншық тапаншамен тонап кеткен ер адам ұсталды.

Белгілі болғандай 20-шы шілде күні 102 пультіне кассирден бірнеше минут бұрын белгісіз адам тапаншамен қорқытып, ломбардты тонағаны туралы хабарлама келіп түскен. 


Күдікті 200 мың теңге ақшаны қолды қылып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. 


Жәбірленушінің айтуынша, сағат 12.00-де медициналық маскадағы ер адам терезеге жақындап, тапаншаны кезеген. 


"Ол терезеге целлофан пакетін созып, тыныш дауыспен, "ақшаны тезірек пакетке сал, алтын тағы не бар, барлығын! Әйтпесе өлтіремін!", - қорқытты дейді жәбірленуші. 
Осы кейін кассадағы қыз еш ойланбастан бар ақшаны жинап, пакетті қарақшының қолына тапсырып, артынша полицияға хабар берген. 


Оқиға орнына жедел полиция тобы келіп, күдіктінің белгілері анықталды. Бағыт-бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен тексерілген. 


Жедел басқару орталығының операторлары бейнекамераларды қарау барысында күдіктіге ұқсас ер адамды байқаған. Онда күдікті тез арада белгісіз затты далаға лақтырып жібергені көрінген.


Кейін өтіп бара жатқан бөгде адамның жерде жатқан ойыншық тапаншаны тауып алғаны байқалады. 


Полиция қызметкерлері ізін суытпай сауда үйінің тұрағында қылмыскерді қолға түсірді. Ол қала маңындағы елді-мекеннің 28 жастағы тұрғыны болып шықты. 


Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қарақшылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.