Суррогат ана болғысы келетіндерге жаңа талап қойылады

1 510

Фото: ©Baq.kz архиві /Арман МухатовҚазақстанда суррогат ана болу талаптары күшейтілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Президенті суррогат ана қызметіне тапсырыс берушілерге жаңа талаптар енгізетін заңға қол қойды. Енді бұл мүмкіндікті тек өзара ресми некеде тұрған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ерлі-зайыптылар ғана пайдалана алады. 

Тиісті өзгерістер «Неке және отбасы туралы» Кодекске енгізілген. Жаңа нормаларға сәйкес, суррогат ана қызметіне тек тіркелген некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана тапсырыс бере алады. 

Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар мыналарға міндетті:

- суррогат ананың медициналық тексеруден өту ақысын төлеуге;

- қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдануға байланысты шығындарды өтеуге;

- медициналық ұйымға өздерінің денсаулық жағдайы (физикалық және психикалық) туралы қорытындыны, сондай-ақ медико-генетикалық зерттеу нәтижелерін ұсынуға;

- суррогат ананың жүктілік, босану кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі, ал асқынулар болған жағдайда – босанғаннан кейінгі 70 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын төлеуге.

Бұл түзетулер суррогат ана бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптарды нақтылауға және олардың міндеттерін реттеуге бағытталған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.