Қазалыда бес жасар сәби каналға құлап көз жұмды

435
Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында абайсызда каналға құлаған бес жасар сәби көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Оқиға 4 мамыр күні сағат 22.15 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде орын алған. 2017 жылғы сәби «Ақарық» каналына абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмған. 

«Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат келіп түсті. Мәйіт жергілікті тұрғындар күшімен судан шығарылды. Каналдың ені - 3, тереңдігі - 1 метр. Оған департаменттен бір қызметкер қатысты», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.