Кен орындарында жұмыс істейтін кеншілердің зейнет жасы қысқармақ

1 230
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздегі кеншілердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Министрдің сөзінше, кеншілер 15 жыл еңбек еткен соң басқа жұмысқа ауысуы қажет. 

Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Қазір біз шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз, - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің  сауалына жауап бере отырып. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.