Алматыда жалаңаш ер адам әуежай аумағына кіріп кеткен (видео)

387

Алматыда 1997 жылы туған ер адам киімдерін шешім, әуежай аумағына кіріп кеткен. Ер адам қолға түскен. Тексеріс нәтижесінде оның мас болғаны анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 



"Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтың 6 сәуір күні 00:10-да киімін шешіп, Алматы қаласындағы әуежай аумағына кіріп кеткені нақтыланды. Ол терминал маңындағы қоршаудан секіріп өтіріп, ұшу алаңына қарай жүгірген. Мұнда ер адамды Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады", - делінген полиция хабарламасында. 

Полицейлер медицина сараптамасы нәтижесіне сәйкес ер адамның жеңіл деңгейде мас болғанын мәлімдеді. 


Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440-бабы, 434-бабы және 564-бабының 4-бөлігіне сәйкес бірден үш әкімшілік хаттама толтырған. Әкімшілік материалдар сотқа жіберілген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.