Танымал автоблогер құқық бұзғаны қамауға алынды

1 529

Фото:© әлеуметтік желіденКеліп түскен ақпарат бойынша, кеше кешке жергілікті автоблогер Руслан Жанпеисов ұсталған.- деп хабарлдайды Opennews.kz ақпарат агенттігі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанпейісов кеше, 22 - ші сәуірде кешке ұсталып, түнді Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде өткізген. Бүгін ол әкімшілік іс аясында сот алдына жеткізілген. Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау дерегіне қатысты. Оқиға Шымкентте жол қауіпсіздігіне байланысты рейд кезінде болған. Қалаға өзге өңірлерден келген полиция қызметкерлері жолдағы құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүргізген. Қарағандыдан келген полиция қызметкерлерінің жұмысына Руслан Жанпеисов араласып, олардың әрекетіне ескерту жасаған. Сонымен қатар оқиға орнына патруль шақырып, түсірілген видеоларды интернетке жариялаған. Осыдан кейін полиция оған хаттама толтырып, кейін ұстап әкеткен. Егер кінәсі дәлелденсе, автоблогерге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қолданылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.