Ем іздеп барған бала күтпеген дертке шалдықты

1 527

Фото:© magnific.comАлматы облысында алты жастағы бала балалар ауруханасында С гепатитін жұқтырған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Туыстарының сөзінше, вирус облыстық балалар клиникалық ауруханасында қан құю кезінде жұққан. 

Ата-анасының айтуынша, балаға ауруханада қан құйылған. Кейін тапсырылған талдау нәтижелері оның ағзасында С гепатиті вирусыны анықталған. 

“Біз бұл ауруханаға баламның мұрнынан қан кеткеннен кейін түстік. Тексерулерден соң оған иммундық тромбоцитопения диагнозы қойылды. Кейін қан құйылды. Біздің ойымызша, дәл осы процедура кезінде оған С гепатиті жұққан”, – деді баланың әкесі.

Әкесінің сөзінше, алты жастағы бала Түркияға сапары кезінде өзін жайсыз сезіне бастаған. Қатты жөтел пайда болып, дене қызуы көтерілген. Қазақстанға оралғаннан кейін баланың мұрнынан қан кетіп, ол шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған сирек кездесетін аутоиммунды ауру – иммундық тромбоцитопения диагнозын қойған. Кейін дәрігерлер қажетті дәрі-дәрмек тағайындап, баланы әрі қарай емдеу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жіберген. Сол жерде жүргізілген тексерулер барысында С гепатитіне жасалған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен. Ата-анасы баласына вирус қан құю кезінде жұққан болуы мүмкін деп есептейді. Баланың әкесі бұл істі бақылауға алуды сұрап, Президент Әкімшілігіне хат жолдаған.

Оқиғадан кейін медициналық мекемеде қызметтік тексеру басталған.

“Қазір медициналық құжаттар, медициналық көмектің көрсетілу стандарттарының сақталуы және оқиғаның барлық мән-жайы зерделеніп жатыр”, –деп мәлімдеді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы. 

Тексеру аяқталғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органдар қорытынды шығарып, құқықтық баға береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.