Жаңбыр жауып, кун суытады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

344

"Қазгидромет" РМК 6-8 қыркүйек аралығына ауа райына болжамын жасады, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: istockphoto.com


Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кун суытады.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ болжанады", – делінген хабарламада.


Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23 градусқа дейін, күндіз 20-35 градусқа дейін төмендейді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.