«Жылда 10-12 жұмысшы мерт болады» Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» жұмысын сынға алды

207
Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде премьер-министр Әлихан Смайылов Теміртау қаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 3-домна пешінің жұмысымен танысты, сондай-ақ облыс және кәсіпорын басшылығымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.


Әлихан Смайылов металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін  айтты.

"Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз. Жабдықардың әбден тозығы жеткен, жаңғыртуға салынатын инвестициялар деңгейі басқа кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен. Мұны түзету керек. Инвестиция көлемін кезең-кезеңмен арттырып, ең алдымен, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек" , — деді Смайылов компания басшылығына. 

Үкімет басшысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

"Күн тәрбіндегі экологиялық мәселелер өткір тұр. Мемлекет басшысы біздің алдымызға тиісті міндеттер қойып отыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз керек", – деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтау бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.