Семейде фотосессия жасамақ болған екі қыздың бірі мұзға түсіп кетіп, көз жұмды

310
Кеше сағат 16:33-те Семейде екі қыздың қатысуымен қайғылы оқиға тіркелді. Ертіс өзенінде суретке түскісі келген олар мұз астына құлап кеткен. Біреуін құтқарып үлгергенімен, екіншішісі қаза тапты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Восточный кентінің аумағында болған. Фотосессия кезінде 1999 және 1998 жылы туған екі ару мұз астына түсіп кетті.


 Оқиға орнына жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып алған. Алайда ол екінші қызға көмектесіп үлгермеді. 

Құтқарушылар судан көз жұмған қыздың денесін алып шықты. 

Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті тұрғындарды мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.