"Назарбаевтың кезіндегідей өтірік сөйлейді": Кәсіпкер Тоқаевтың Жетісуға сапарында халықтың өзекті мәселелерді айтпағанына ренжіді

1 541

Кәсіпкер әрі блогер Нұр Қанатұлы қазақстандықтардың өзекті мәселелерді биліктен өздері жасырып жатқанын айтты,- деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу өңіріне жасаған сапары мен кездесулерін akordapress Instagram парақшасынан көргенін, онда халықтың мәселелерді өздері жасырып, ештеңені ашып айтпағанын жеткізді. 


"Мемлекет басшысымен кездесуде жергілікті ақсақалдардың, билік өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ешқайсысы ащы шындықты айтпады. Барлығы өз өңірінің жағдайын мақтаумен ғана шектелді. Барлығы облыстың, тұрғындардың жақсы өмір сүріп жатқанын, ешқандай мәселе жоқ екенін айтты. Бұған дейін Назарбаевқа да осындай өтіріктер айтылып келген. Ендеше, бәрін билікке жауып, біздің барлық қиыншылықтарымыз бен проблемаларымызға соларды кінәлаудың қажеті жоқ. Бәріне де халық кінәлі", - деді блогер. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.