7 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген

1 603

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шәкенов өңірде жемқорлық тәуекелдерін бағалау үшін талдау жүргізілгенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, өңірде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайлары тіркелген.


"Жалған дипломдар, спорттық командалардың іссапар барысындағы шығындарына арналған қаражатты жаттықтырушыларға аудару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ жалған оқу-жаттығу жиындарын өткізу фактілері анықталды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 7 қызметкерінің жалған дипломдарды пайдалану фактісі белгілі болды", - деді Денис Шәкенов өңірлік коммукациялар қызметінде өткен брифингте.


Сондай-ақ элиталық спортты дамыту бойынша мемлекеттік сатып алу талаптары бұзылған.



"Бүкіл анықталған фактілер бойынша уәкілетті органдармен тексерулер жүргізілуде. Қорытындысы шыққаннан кейін қылмыстық-процестік заңнама аясында процестік шешімдер қабылданады. Мұндай бұзушылықтардың қайталануын болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсынымдар берілді", - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.