Екі жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды

183
Талдықорған қаласындағы Сеңгірбаев көшесінде екі жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Полицияның мәліметінше, бала өз үйінің жанындағы жолда ойнап жүрген. Toyota Cresta көлігінің 38 жастағы жүргізушісі сәбиді байқамағанға ұқсайды.

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Өңірдегі полиция департаменті қаза болған баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, -делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.