Поезда әйелдер мен ерлер бөлек отыру қарастырылып жатыр
Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оған сәйкес, бір купеде тек ер адамдар немесе тек әйелдер отырады.
Бұл ұсынысты Threads желісіндегі Baby27alien атты қазақстандық қолданушы жазған. Ол пойыз билеттерін осындай жүйемен сатуды ұсынған.
Қазақстандық әйелдің жазбасына “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ өкілдері жауап берген.
Компания бұл жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.
Қаз
Рус






