Ақтөбе қаласында полицейлер жоғалған 4 жасар қызды тапты

186

Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған 4 жасар қызды тапты, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.



Фото: polisia.kz25 тамызда сағат 20:00-де Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне Т.Жүргенов ауылында 4 жасар қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Қыз бала ағасымен ойнауға үйдің ауласына шыққан. Ойынға кіріп кеткен бала біраз уақыттан кейін қарындасынын жоқтығын байқаған. Патрульдік полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, шұғыл ақпарат бойынша іздестіру шараларын қолға алды. Учаскелік полиция инспекторының үйлесімді және жедел жұмысының нәтижесінде қыз бала ауылдық клубтың жанынан табылған. Полиция қызметкерлері қызды ата-анасына аман-есен тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.