Бір отбасының үш бірдей мүшесін өлтіріп кеткен

2 561

Фото: e-history.kzПетропавлдағы Рабочий шағын ауданында бір отбасының үш бірдей адамын өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бейресми мәліметке сәйкес, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйел және олардың кәмелетке толмаған ұлы.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жан түршігерлік қылмысқа күдіктілердің жылдам ұсталғанын хабарлады.

“Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.