Шенеуніктер текше метрі 78 тиын тұратын суды шаруаларға 28 мыңнан сатқан

170

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының шаруалары 1 текше метр суды 28 мыңға сатып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің ирригациялық желілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. 


"2015 жылдан бастап өңірде 24 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген, олар суды Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан 1 текше су үшін 78 тиыннан алып, ал шаруаларға бір гектар жер үшін 20 000 – 28 000 теңгеден берген, осылайша монополист рөлін атқарған. Шаруа қожалығы меншік иесінің айтуынша, бір маусымда ол 60 гектар жерді суару үшін 1 миллион теңгеден астам ақша төлеген", - делінген ведоство хабарламасында. 


Салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтары бұзылған. Қазіргі күні антикордың ұсынысымен облыс әкімдігі "Алматы облыстық Су шаруашылығы" коммуналдық кәсіпорны деп аталатын су шаруашылығының бірыңғай операторын құрып, оның балансына барлық суару желілерін өткізді.


Нәтижесінде, биыл 30 000-ға жуық шаруа және фермер қожалықтары суды қолайлы бағамен алатын болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.