Қала әкімі шырша мен мұз қалашығына 40 млн теңге жұмсамақ
268

Облыс әкімдігі ғимаратының алдына құрылатын шыршаға, «2023» пішініндегі шағын архитектураға және бірқатар нысанды түрлі-түсті шам-шырақтармен безендіруге бюджеттен 20,7 млн теңге бөліп отыр. Сондай-ақ мұз қалашығы мен мүсіндерге 16,8 млн теңге шығындалады.
Биыл облыстың бас шыршасының шамы 18 желтоқсанда жағылады. Тағы екі мерекелік шырша КСК және Әуежай шағын аудандарында орнатылады. Кәсіпкерлер арасында нысандарды безендіруден байқау басталды, - деді қала әкімінің орынбасары Бақыт Қашырбеков.