Елімізде қант экспортына шектеу қойылды

1 537

freepik.comАуыл шаруашылығы министрінің 11 маусымдағы бұйрығымен 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды. Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді.


"Қант шығаруға уақытша шектеу шараларын белгілеу туралы шешім сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда 2024 жылғы 6 мамырда қабылданды", - деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсетіні байқалады. Осыған байланысты қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілген.


"Тұтастай алғанда қазір елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұдан бөлек отандық қант зауыттары қант өндіру үшін үшінші елдерден қамыс шикізатын әкеледі. Қазір министрлік өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикі қантты бажсыз әкелуге өтінімдер қабылдауды жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.