Шахтада бір ай ішінде екінші қайғылы жағдай тіркелді

1 508

Фото:© Pixabay.comШығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасында тағы бір қайғылы оқиға болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттті  Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

30 -шы мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Компанияның мәліметінше, оқиға «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болған. Қайғылы жағдайдан кейін апат орын алған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар мен арнайы мамандардың қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.

KAZ Minerals компаниясы марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания басшылығы мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыру қажеттігін атап өткен.