Қызылордада ауылшаруашылығы басқармасының қызметкерлері қамауға алынды

400

Фото: polisia.kzҚызылордада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы қамауға алынды. Күдіктілер аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталып отыр. 


Телеарнаның мәліметінше, қамауға алынғандар инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру кезінде бірнеше кәсіпкерлік нысандарға артықшылықтар берген күдікке ілінген. 


Яғни, кейбір шаруа қожалықтарында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жұмыстар дұрыс орындалмаса да, атқарылды деп акті толтырып, қол қойған деп күдіктелуде. 
Арнайы жүргізілген сот-құрылыс сараптамасы нәтижесінде мемлекетке 26 млн теңгеден аса залал келгені анықталған.


 "Бұл қаржы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 317 бұйрығына сәйкес, жайылымдық жерлерді суландыру бұйрығына сәйкес бөлінген ақша. Осы ақшаны жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - дейді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрбол Рахметов. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.