Қазақстанда көпбалалы аналарға тіс емдету үшін бөлек төлем енгізу ұсынылды

1 711

Фото: NUR.KZ/Владимир ТретьяковМәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, мемлекет бала туғаннан кейін әйелдерге тым аз жәрдемақы беретінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.


Депутат Қазақстанда бала туғанда берілетін жәрдемақы тым аз дейді. Оның ойынша, алғашқы, екінші және үшінші балаға берілетін 140 мың теңге әйелге берілетіне өтемақы емес, тек нәресте күтіміне жұмсалатын қаражат. 

Депутат Ресейде ана капиталы ретінде алғашқы балаға 3 млн 195 мың теңге, екінші балаға 4 млн теңгеге тең сома берілетінін мысалға келтірді. 

Оның сөзінше, біздің елге де лайықты, әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Мәжілісмен қазақстандық аналарының тістері түсуіне де алаңдап, көпбалалы әйелдерге олардың емделуіне бөлек төлем қарастыруды ұсынды. 

"Ана жүкті болған кезде баланың дамуына көп кальций жұмсап, тісі құритыны - медициналық факт. Тістің түсуі - көпбалалы 543 мың әйелдің бәріне де маңызды мәселе. Қазақстандағы стоматологияның бағасы шарықтап тұрғанын бәріміз білеміз, сондықтан бірінші кезекте көп балалы аналардың тісін жөндету үшін бірреттік төлемді қамтамасыз ету қажет", - дейді депутат Саиров. 

Айта кетейік, 2024 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылды, оларға жалпы сомасы 38,1 млрд теңге төленді. 2024 жылдан бастап көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты 7 пайыз өсті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.