Қармақшылық жас жігіт жылқы баптауды кәсіп еткен

1 610

Қармақшылық жас жігіт жылқы баптауды кәсіп еткен,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

   Кәсіп ету үшін адамға бірқатар қабілет керек. Соның бірі – ұйымдастыру, іздену. Айтпақшы, бұл тұрғыда бастағалы отырған кәсіпті дұрыс таңдай білу де, нарық экономикасын жан-жақты зерттеу мен тұтынушының өнімге деген сұранысын бажайлау да маңызды екенін естен шығармаған абзал. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет тарапынан да біршама бағдарлама жүзеге асуда.

Ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң – еліңнің туын көкке көтере аласың. Қажеттілігіңді өтей аласың. Бастысы – талмай-тынбай еңбек еткеніңнің жемісін көру. Сүйікті кәсібіңнен рахат алу. Ал мұндай жандар біздің де арамызда бар. Асылында ауылдық жерлерде азын-аулақ малының басын көбейтіп, мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның қатары артқан. Солардың бірі – Дүр Оңғар ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Жанқожа Сайлауов.

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Ж. ө. және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1,8–2,2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі.


Талапты жігіт жылқы бордақылау мақсатында 2021 жылы «Бизнес кеңесші» бағдарламасы арқыры арнайы курс¬тан өтіп, сертификатын қолына алады. Сөйтіп мемлекеттен төменгі процентпен 10 миллион теңге көлемінде несие алып, кәсібіне білек-сыбана кіріседі. Өзінің 2 жылқысын күтіп-баптап отырған ол қолына тиген қаржыға 20 бас аналық жылқы алады. Бүгінде оларға күтім жасаған Жанқожа мал санын көбейтіп жатыр. Қазір қосымша саумал да сатады. Осылайша талапты жастың таңдауы төрт түліктің ішіндегі жылқыға түскен. Сайып келгенде, ата-бабаларымыздың түлік ішіндегі жақсы көргені де осы жануар. Таза, ішсең сусын, жесең ет, мінсең көлік.

Жылқы өсіру кезінде, маңызды мәселе - оңтайлы жиынтық оңтайлы жиынтығымен ұрпақты өндіруге қабілетті тұлғаларды дұрыс таңдауы: сыртқы түрінен жұмыс әлеуетіне дейін. Осы мақсатта асыл тұқымды жануарлардың әртүрлі әдістері пайдаланылады және жылқылардың өздері осы процесте дайындалуы керек. Бұл тренингті қалай өткізуге болады және фермерден жылқыныңызды дұрыс тамақтандыру үшін не қажет болса, қазір сізге айтып береміз.

    Жылқы өсіру әдістері

    Таза әдіс

    Тоғысуы

    Жұптау үшін жылқыларды таңдау және дайындау

    Маре талаптары

    Айғырға қойылатын талаптар

    Жылқыларды ұрлау әдістерінің сипаттамасы

    Қолмен жұтылу

    Kosechaya жұбайы

    Жылы тоқылған

    Жасанды ұрықтандыру

    Жыныстық үрдіске қандай факторлар әсер ететін, жылқылардың ерекшеліктері

Жылқы өсіру әдістері

Жылқы шаруашылығын жеке фермерлер мен ірі жылқы шаруашылығы ұйымдары пайдаланады, бірақ екеуі де екі негізгі әдісті пайдаланады: таза және түйіршіктелген.

Таза әдіс

Тұқымдық тұқымды жылқы өсіру жануарлардың барлық тұқымдық қасиеттерін сақтауға кепілдік беретін бір тұқымдас өкілдерді іріктеуге мүмкіндік береді.Бұл әдіс, ең алдымен, құнды тұқымды көбейту үшін қолданылады, олардың сипаттамаларын одан әрі жетілдіру. Олар сондай-ақ байланысты селекция - туа біткен және байланысты емес - сіңірілу мүмкіндігін атап көрсетеді.

 Жылқылардың біркелкі өсіруі бір-біріне өте жақын туыстары болып табылатын жануарлардың жұбайын қосады: әкесі мен қызы, анасы мен ұлы, ағасы мен әпкесі. Ағайынды бауырлармен немесе бауырларының балаларын ұрпақтарымен жұбайларымен байланыстыру тығыз байланысты өсіру болып саналады. Сонымен қатар, ортақ ата-бабаларымен кездесетін бие мен айғырдың жұбайы алыс шет елдерде ғана алыс қасық өсіру деп саналады.

Алайда қажетті нәтижеге жету үшін қолайлы адамдарды таңдау жеткіліксіз, жас жануарларды азықтандыру және тұрғын үйге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету маңызды.

Сіз білесіз бе? Араб тұқымдарын өсіру және асыл тұқымды өсіру кезінде, таза өсіру тазалық деп аталады.

Тұқымдық өсіруде желілік көбею жиі қолданылады. Жол - бұл белгілі бір ұрпақтан шыққан бірнеше ұрпақтан шыққан жануарлар тобы.Барлық желілердің өкілдері сыртқы түрі мен өнімділігі сияқты тұқымдық ерекшеліктерге ие болуы керек, бұл өте маңызды болып табылады.

 


«Бұл жануар жағдай жасағанды, бапты, күтімді қажет етеді. Сол үшін оның жем-шөбінің құнарына мән беремін. Кәсібіме анам көмектеседі. Отбасым – қолдаушым. Алға қойған мақсатым көп. Егер кәсібім берекелі болып, тынысы кеңейсе, неге кеңейтпеске? Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін алдымен оның қыр-сырын меңгеру керек. Әрине, басында қиындық пен кедергі болары рас. Бастысы – жобаны тереңірек зерделеп, қаржыны мақсатты жұмсай білу. Сонда ғана еңбек зая кетпейді», – дейді жас кәсіпкер.

Оның өз ісін өрістетіп, жылқы малын бордақылауды, санын көбейтуді кәсіп еткеніне көп жылдар болмаса да оның атакәсіпті өрістетуге деген ынтасы зор. Алға қойған мақсаты айқын. «Екі қолға бір күрек» алып, кәсібінен нәсіп көріп отырған жан бүгінде межелі мақсатын кезең-кезеңімен орындауда. Бір білетініміз, ол маңдай терді төгіп, адал еңбек етуді естен шығарған емес. Бұл ауыл жастарына көп үлгі. Айтпақшы, Дүр Оңғар ауылының халқы жиналып, тасаттық бергенде жас кәсіпкер 20 литр қымызды тегін таратады екен.


Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауданда кәсіпкерлік кең қанат жаюда. Солай кәсіпке ынталы азаматтардың күн санап қатары артуда. Әрине, бұл өз кезегінде өңір экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.