Балалар жаттығатын бассейн суының ауыспағанына 5 жыл болған

242
Ақтөбедегі балалар жаттығатын "Достық" бассейнінің суы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл бассейнде 800-ге жуық бала жаттығады. Қаладағы үлкен хауыз болғандықтан мұнда баратындардың да саны көп. Алайда соңғы кезде бассейінге барған балалардың үстіне бөрітпе шығып, жөтеле бастаған, аллергия пайда болған. Ата-аналар осыны айтып шағымданған. Жәбірленушілер бұны хлормен байланыстырған болатын.

Ал облыстық спорт басқармасының мәліметінше, мұндағы су соңғы рет 2017 жылы ауыстырылыпты. Ал суды ауыстыру үшін 7 миллион теңге қаржы қажет. Басқарманың бас маманы Әділбек Ділжановтың айтуынша, бассейннің техникалық қызметі дұрыс болса, барлық сүзгі жұмыс істеп тұрса, судың алмаспауы ешқандай қауіпті емес. Суды ауыстырмай бірнеше жыл пайдалануға болады.

Бұл бассейнде сүзгілер бар. Жалпы мұндай хауыздарда су жыл сайын ауыстырылмайды екен. Себебі сүзгілер оны тазартып отырады.

Қазір ата-аналардың шағымынан кейін басқармадағылар тәуелсіз мамандарды тартып, жұмыс жүргізіп жатыр. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін нақты жағдай айтылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.