Үш жасар қызын шетелге ұрлап кеткен

249


Павлодар қаласының тұрғыны “қызымды үйге қайтарыңыздар!"деп көмек сұрап, жан айқайын жеткізу үшін бейнетүсілірім жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасының Telegram-парақшасына сілтеме жасап. 

Қызын жоғалтқан Гүлназдың айтуынша, екі ай бұрын шетелдік жұбайы олардың үш жасар баласын шетелге алып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз жоғалды.

"Менің жұбайым – Египет азаматы. Ол қызымды ұрлап кетті. Осы күнге дейін баламды маған көрсетпей, жасырды, тіпті байланыс жасамайды. Қоңырау мен хабарламаларға жауап бермейді", дейді әйел.


Гүлназдың қызы – Қазақстан азаматы. Әйел оны табу үшін барлық шараны қолданды. Павлодарлықтың айтуынша, Египетте сот болды. Фемиданың шетелдік министрі бала анасымен бірге тұрады деп шешкен. Сондай-ақ, әйел жергілікті полиция мен Қазақстанның араб еліндегі елшілігіне жүгінді. Әзірше нәтиже жоқ.


Үміті үзілген ана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қазақстандық бүлдіршіннің отанына оралуына көмек көрсетуін сұрайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.