Үш жасар қызын шетелге ұрлап кеткен

250

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Павлодар қаласының тұрғыны “қызымды үйге қайтарыңыздар!"деп көмек сұрап, жан айқайын жеткізу үшін бейнетүсілірім жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасының Telegram-парақшасына сілтеме жасап. 

Қызын жоғалтқан Гүлназдың айтуынша, екі ай бұрын шетелдік жұбайы олардың үш жасар баласын шетелге алып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз жоғалды.

"Менің жұбайым – Египет азаматы. Ол қызымды ұрлап кетті. Осы күнге дейін баламды маған көрсетпей, жасырды, тіпті байланыс жасамайды. Қоңырау мен хабарламаларға жауап бермейді", – дейді әйел.


Гүлназдың қызы – Қазақстан азаматы. Әйел оны табу үшін барлық шараны қолданды. Павлодарлықтың айтуынша, Египетте сот болды. Фемиданың шетелдік министрі бала анасымен бірге тұрады деп шешкен. Сондай-ақ, әйел жергілікті полиция мен Қазақстанның араб еліндегі елшілігіне жүгінді. Әзірше нәтиже жоқ.


Үміті үзілген ана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қазақстандық бүлдіршіннің отанына оралуына көмек көрсетуін сұрайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.