Қызылорда облысында есептегі сотталғандар жәрмеңкеден жұмыс тапты

229
Қызылорда облысы Қазалы ауданында сотты болған азаматтар бос жұмыс орындар жәрмеңкесінен екі қолға бір күрек тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені  аудандық прокуратура мен  халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Алты жұмыс беруші мекеменің 20-дан астам бос жұмыс орны ұсынылды.  


Іс-шараға  пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз он сотталған  қатысып, кеңес алып, екі  азаматқа жұмысқа орналасуға жолдама берілді.


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «СПК Қызылорда Балык» ЖШС-ге жұмысшы ретінде жолдама алдым.  Қыс мезгілінде жұмыс табу да қиын. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деді есептегі сотталған.



Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жыл басынан  пробация есебіндегі 10 азамат  тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ жеке кәсіп ашсам деген ниеттенген үш азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып,  тест тапсырып, сертификатын алды. Қазіргі таңда бизнес жобасын жасап жатыр. Мал шаруашылығымен айналысуға ниетті, - деді аудандық пробация қызметінің  бастығы  әділет подполковнигі Ербол Сражатов. 


Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД