Жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді
Оралда 25 жастағы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бойжеткенді зорлады деген күдікке ілінді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қызды зорлады деген ақпарат тараған. Оқиға көршілердің пәтердегі шуға байланысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері аталған мекенжайға тексеріс жүргізу үшін барған. Күдік бойынша, қылмыс сол пәтерде жасалған. Қылмыстық істің қозғалғанын қала прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
Полиция департаменті өз қатарындағы заң мен тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін атап өтті. Заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолданылатынын жеткізді.







