«Біздің қазақтарға дауа жоқ»: курьерді Шымбұлаққа шақыртқандар сынға қалды

1 625

Фото: видеодан кадрӘлеуметтік желі қолданушылары курьерді Шымбұлақтың басында шақыртқан адамдардың әрекетін қызу талқылады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде курьердің тамақ жеткізу үшін Шымбұлақтың басында жүрген видеосы тарады. Біреулер курьердің еңбекқорлығын жоғары бағалап, оның болашақ миллионер болатынын айтса, екінші тарап тапсырыс бергендерді сөккен.


«Бұл азаматты болашақта үлкен береке күтіп тұр», «Ертең осы бала миллионер болады», «Аяғың талмасын, маңдай терің ақталсын», «Жаным-ау, күн суықта жаяу кетіп барады», «Бұларды Марсқа шақырса да бара бере ме?» - деп жазған.

Пікір білдіргендер арасында тамақты тауға тапсырыспен алдыртқан адамды сынағандар да бар.


«Соны қаладан алып кетсе де болар еді», «Жейтін тамағын алып кетпей ме, оңай емес қой», «Не ойлап тапсырыс берді екен», «Тамаққа таудың басында тұрып тапсырыс беру керек пе, адам саған құл емес қой», «Біздің қазақтарға дауа жоқ», - деп жазған.