Әйел адам Қытайдың арзан тауарын сатамын деп 6 жылға сотталды

1 416

Фото: istockphoto.comАстана маңындағы Қосшы қаласында әйел адам көршілерінің арасында WhatsApp-чат ашып, Қытайдан арзан тауар әкелемін деген жарнама берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне сенген 33 адам 67 млн теңге аударған екен.

«Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тауарларды жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 млн астам қаражатын иемденді. Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында азаматша, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды нарықтағы төмен бағамен жарнамалаған. Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Қосшы қалалық соты осы алаяқтығы үшін әйелді 6 жылға бас бостандығынан айырған. Үкім заңды күшіне енген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.