"Мәсімов әдейі жасады". ҰҚК-нің сотталған экс-басшысы шындықты айтты

948

Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001-2006 жылдар аралығында басқарған Нартай Дүтбаев "мемлекетке сатқындық жасады" деген баппен қамауға алынған Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Журналист Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы өз пікірін білдірді.

Кәрім Мәсімовті түсіну қиын. Ол тіпті, премьер-министр болып тұрған кезде Үкімет басшысы ретінде жедел шұғыл қабылдайтын шешімдердің өзін кешеуілдететін...—дейді Нартай Дүтбаев.

Ол осы ретте 4 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттерге жағдайға араласпау және тек бақылау жасау туралы бұйрық жібергені туралы ақпараты сенімді деп отыр.

5 қаңтарда түс кезінде барлығына келесі ескертуге дейін үйлеріне қайтсын деген бұйрық түсті. Істерді өртеп, бәрін құртып, нысандарды жапты. Бұл — таза сатқындық! Ішкі істер министрлігінде, ҰҚК-де мұндай кезде не істеу керектігі туралы жоспар болады,— дейді ҰҚК-нің экс-төрағасы.

Ол қауіпсіздік күштері алдын ала бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керектігін айтты. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдасқан қылмысты білмей қалуына күмәнмен қарайды.

Олар наразылыққа үшінші күштің шығатынын білуі керек еді. Жедел ақпарат міндетті түрде билікке түсуі керек еді. Мұндай ақпарат болмағанына сене алмаймын. Сондықтан мен үшін бұл үлкен жұмбақ болып қала береді. Оның жауабын әлі таба алмай келемін,— дейді Нартай Дүтбаев.


Еске салатын болсақ, Нартай Дүтбаев өзі де 2001-2006 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Кейін 2017 жылдың соңында "мемлекеттік құпияны жария етті", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен ұсталып, 2018 жылы 12 жылға сотталды. Алайда 2020 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.