22 жастағы полиция қызметкері өзін атып өлтірді

1 372

Фото: IIMЖамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне оқ атты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәйіт Тараздан бес шақырым жерде, Жасөркен кентінде табылды. 2003 жылы туған жігіт полиция кіші сержанты екен. 

Алдын ала ақпарат бойынша, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері өз тапаншасымен басына оқ атқан.

Облыстың ПД басшылары, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері жедел оқиға болған орынға барды. Өлім себебі анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.