Әкім 10 жыл бойы әйелін ұрып-соққан

1 569

Фото: видеодан кадрАтырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелі он жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, видео жариялады. Осы мәлімдемеден кейін облыстық әкімдік қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.


Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің үндеуіне қатысты ақпарат: бұған дейін А. Умебкалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбеген. Белгілі болып отырған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс биыл ақпан айында сотқа тапсырылғанын хабарлады.  


Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша қозғалған. Келесі сот отырысы 29 мамырға жоспарланған.


Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының тұрғыны Ақмарат Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Бұрынғы жұбайы оны он жыл бойы ұрып келген, ал бір жыл бұрын балаларын заңсыз тартып алған


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.