Қызылордалық Әнел Бермағанбетованы қытайлықтар құлдықта ұстап отыр ма?
Қызылордалық Әнел Бермағанбетованы Лаос қаласының алаяқтар күшпен қамауда ұстап отырғандығын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылордалық әртіс Әнел Бермағанбетова өзін Лаоста алаяқтардың күштеп ұстап отырғандығын әлеуметтік желіде Актрисаның айтуынша, ол Лаосқа есепшот менеджері болып жұмысқа кеткен. Ол жұмысқа орналасу туралы келіссөздер жүргізген компания өзін инвестициялық платформа ретінде көрсетті. Іс жүзінде, Әнел Бермағанбетованың айтуынша, фирма алаяқ болып шықты. Енді жұмыс беруші қазақстандық келіншектің Лаоста кем дегенде бір жыл болуын талап етіп, келген кезде «9 мың доллардан астам ақша жұмсағанын» өз еліне қайтарудан бас тартып отыр деп жариялаған болатын.
Әртістің айтуынша, алғаш рет Тайландқа қытайлық компанияда жұмыс істеу үшін келген. Оны қымбат көлікте жүргізушімен қарсы алып, жайлы қонақүйге орналастырған. Алайда, Әнел Лаостық алаяқтардың құйтырқы әрекеті екенінен бейхабар болып шыққан. Ал, әртістің туыстарына, полицияға, елшіліктерге және Лаос Сыртқы істер министрлігіне араша түсіп, көмек беруін сұрап жүгінген болатын.
Шетелге менеджер болып жұмысқа кеткен. Бірақ жұмыс беруші, оның айтуынша, алаяқ болып шықты. Еңбек құлдығына түскен Әнелдің өміріне араша сұрап жүрген ағасы Қанат бүгінгі күнде қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандығын жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың сәуір айында шыққан «Офис Beyond the Line» атты қазақстандық қорқынышты фильміннің басты рөлін сомдаған болатын.