Маңғыстауда көлік жаяу жүргіншілер жолында баланы қағып кетті

420

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында автокөлік жаяу жүргіншілер жолымен өткен баланы қағып кетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Аудандық полицияда жол-көлік оқиғасының 14 наурызда Маңыстау ауылындағы "Келдаман" сауда орталығы маңында болғанын айтты. 


Opel Vectra көлігінің жүргізушісі 6 жастағы қызды қағып кеткен.


"Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды. Көлік жүргізушісіне 610-баб 2-бөлігі және 611-бабтың 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полициядағылар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.