«Тірі баламды өлтіріп берді»: Шымкентте сәбиінен айырылған ана президенттен көмек сұрайды
Шымкент қаласының тұрғыны Мария Жанекеева ұлының дене қызуы көтеріліп, ауырғанын көргеннен кейін бірден жедел жәрдем шақырады. Ауруханаға жеткізілген нәресте жағдайы ауыр болған соң жансақтау бөліміне жатқызылыпты.
Бірақ қызуы көтеріліп түскен бала көп ұзамай Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мария дені сау баласының қазасы дәрігерлердің дұрыс диагноз қоя алмауынан болды деп санайды.
Жалғыз ұлынан айырылған әйел өзінің ешбір туысы тіпті күйеуінің де жоқ екенін айтады. Әйелдің ендігі талабы ұлына қандай дәрілер салынғанына көз жеткізіп, сәби жатқан палатаның бейне бақылауын қарау.
Ал дәрігерлер болса сәбидің анасы емдеу шараларына кедергі келтірді деп отыр. Сөздерінше, Мария Жанекеева ұлына диагностика жасаудан бас тартып, аурухана қызметкерлеріне шағымым жоқ деп қолғат та жазып берген. “Бала бұдан бұрын 4 күн ауырған. Жеке емханада емделген. Судоргы болған соң бізге алып келген. Біз жағдайы жақсармаған соң, жансақтау бөліміне ауыстырдық. Жансақтау бөліміне түскен соң дәрігерлер анасына жағдайды түсіндірген”, - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Ағабаев.
Бауыр еті баласынан көз жазып қалған ана ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрайды.