Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті

387

Белгілі сәулетші Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев қайтыс болды.

Бақытжан Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келген.
 
"Сәулетші" мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, туған қаласында көп жылдар бойы сәулет пен құрылыс саласында еңбек еткен. 

Еңбек жолын 1975 жылы Шымкенттегі "Южгорсельпроект" мемлекеттік жобалық институтында сәулетші болып бастаған. 

1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болған. 1999-2005 жылдар аралығында "Түркістанның
1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны" басқарған. Осы еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық алған. 

Кейін ОҚО бас сәулетшісі, ОҚО әкімінің орынбасары, "Оңтүстік басжоспар" ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 

Фото:  сәулетші Бақытжан ҚұдайбергенұлыБақытжан Әшірбаев сондай-ақ фото түсірумен әуестенген. Тіпті, бірнеше рет өзінің көрмесін ұйымдастырған. Сонымен бірге сәлуетші кино түсіру жұмыстарымен де айналысқан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.