Балқашта иті иесінің екі қолын шайнап тастаған

369
Балқаштағы жер үйлердің бірінде ит иесін қан-жоса қылып талап тастаған. Ауруханаға жеткізілген тұрғын жүрегі ұстап, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі   Экспресс К сайтына сілтеме  жасап.

Иесін талаған құтырған ит өзгелерге де қауіп төндіріп, үйдегілерді бірнеше сағат бойына аулаға шығармаған. Оның неліктен мұндай қатігездікке барғанын иелері түсінбей дал болған.

"Зардап шеккен отбасы қоңырау шалды. Иттің бір үйді үрейде ұстап отырғаны хабарланды. Ит үйден ешкімді шығармаған. Екі қолын иті қапқан тұрғын ауруханаға жеткізілді. Полицияға да хабар берілген. Иттің айналаға төндірген қаупі ескеріліп, оны өлтіруге тура келді", — дейді Балқаш қалалық ветеринарлық қызметінің өкілдері.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.