Жыл басынан бері суицид жасаған 14 жеткіншек мас болған

1 247

Фото: pixabay.comЖыл басынан бері суицид жасаған және соған әрекеттенген 14 жеткіншек мас күйде болған.  ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген бір жасөспірім есірткілік масаң күйде болған. 

Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығында, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерге тиесілі. 

«Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, жыл басынан бері суицидтік белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралғанын ескерткен еді. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ, онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.