8 жасар қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды

1 424

Фото: istockphoto.comСолтүстік Қазақстанда сегіз жасар қызын зорлаған әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Halyqstan мәліметінше,  Петропавлдың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 29 жастағы Әділхан Сәкеновке қатысты үкім шығарды. Ол 121-бап «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, қылмыстың жай-жапсары ресми түрде жарияланбады. Дереккөздің мәліметінше, Сәкенов сегіз жасар қызын зорлап, оны видеоға түсіргенін анықталған.

«Сот Әділхан Сәкеновты 121-баптың 4-бөлігі, яғни қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды», - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршарып.

Анықталғандай, сотталушының жоғары білімі мен жұмысы бар, ресми түрде некеде болмаған. Үкімді жариялаған кезде Сәкенов ешқандай эмоциясын да білдірмеген. 

Сонымен қатар, Сәкенов Мұсабаеваға, яғни оның 8 жасар қызының заңды өкіліне  моральдық зиян келтіргені үшін 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.