Жаңа туған нәрестені сатпақ болған дәрігерлер ұсталды

193
Тараз қаласында жаңа туған сәбилерді сатумен айналысуы мүмкін деген күдікке ілінген медицина қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Жамбыл облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Тараз қаласының прокуратурасы дүниеге жаңа келген нәрестелерді саудаға салудың алдын алып, екі медицина қызметкерін ұстады. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 28-бабына сәйкес, ұсталған адамдар қамауға алынды. Қылмыстық іс қала прокуратурасының қадағалауында, –  делінген прокуратураның хабарламасында.

Аталған қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.