Қызылордада газ баллоны жарылып, 4 бала ауруханаға түсті

1 631

Қызылорда ТЖДҚызылордада газ баллоны жарылып, жеке тұрғын үй қирады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған.


"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген хабарламада.


ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.