Белсенді Мейір Сәкенұлы: Киікті атудан ешқандай логика көріп тұрған жоқпын
352
Астанада киік тақырыбына арналған талқылау барысында «Ақбөкен» бастамашыл тобының мүшесі Мейір Сәкенұлы киікті атуға берілген шешімнің логикасын түсінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, зоология институтының тұжырымына сене беруге болмайды. Жануардың осы түрі бойынша мемлекет үлкен жоспар құруы тиіс.
Еске сала кетсек экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов осыдан бірнеше күн бұрын Орал популяциясына жататын киіктердің 10% (800 мың киіктің 80 мыңы) «реттелетінін» мәлім етті. Министрдің «атамыз» деген сөзді әдепті түрде «реттейміз» дегені содан бері қызу талқыланып жатыр. Киікті қорғаушылар үкіметтің бұл шешімін құп көрмей, атудың да, атылған киікті пайдаға жаратудың да механизмі жетілдірілмегеніне наразы. Ал «атқан дұрыс» деп есептейтіндер киіктің көптігінен, ең алдымен шаруалар зардап шегіп жатқанын айтып, сол аргументті барлық жерде келтіріп
"Мұнда шаруалар киіктің атылуына қарсы пікір айтып жатыр. Шөп пен бидай шығымына әсер ететінін айтады. Бірақ, білуімше, киікті ату шаруасы күзде жүруі тиіс. Киіктер шаруаларға қажетті шөп пен бидайды отап кететін болса, киіктерді күзде атудың пайдасы қанша? Мағына қайда? Келесі жылдың қамын ойлап отыр дейін десек, сіздер бүгінгі күнді айтып отырған жоқсыздар ма? 80 мың киікті атудың қажеті қанша? Бұл «полная туфта", - дейді ол.
Оның айтуынша, зоология институтының тұжырымына сене беруге болмайды. Жануардың осы түрі бойынша мемлекет үлкен жоспар құруы тиіс.
"Ақбөкен, киік – қазақтың киелі аңы. Кие деген сөзді естен шығармаңыздар. Зоология институтының мамандарына толық сене бермеңіздер. Олар да қателеседі. Биыл онсыз да қан қаншама төгілді. Қанды Қаңтар өтті басымыздан. Украинада қан өзен болып төгіліп жатыр. Қазір сіздер 80 мың киікті атқалы отырсыздар. 240 литр қан! Бұл дұрыс па?", - деп түйді ол.